Аймақтар • 13 Ақпан, 2018

Павлодарда 143 нысанның кіреберісіне пандус жасалмаған

1 мин
оқу үшін

Сондықтан, арбаға таңылған мүгедек жандар ғимараттарға өздігінен кіріп-шыға алмайды. 

Павлодарда 143 нысанның кіреберісіне пандус жасалмаған

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, өткен жылы 6 әлеуметтік нысанның кіреберісі мүгедек жандардың кіріп шығуына бейімделіп жасалыпты. Қазір 199 ғимараттың кіреберісі талапқа сай. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Инватакси» қызметін іске қосылды. Арбаға таңылғандарға «Жаратылыс-ПВ», «Көмектес» және «Ерекше таңдау» корпоративтік қорлары ай сайын 100-150 адамға қызмет көрсетуде.  

Ал облыс орталығында 105 білім беру, 17 мәдениет, 6 денсаулық сақтау, 2 дене шынықтыру және спорт, 4 мемлекеттік, 2 әлеуметтік және 7 жеке нысандарында мүмкіндігі шектеулі жандарға  пандустар орнатып, бейімдеуді қажет етеді. Бұл басқармаларға өтініш хаттар жолдануда. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектердің әлеуметтік нысандарға кіріп-шығуына орай бейімделетін нысандар мәселесі 2020 жылға дейін шешілмекші. Өйткені, кедергісіз өмір-мүгедек жандарға үлкен мүмкіндік. Қазір кейбір нысандарда пандустардың орнына көтергіш құрылғылар да орнатылуда.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Тарихы терең рухани орда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

«Ацтека». Доп. Дүбір!..

Футбол • Бүгін, 09:00

Рыбакина орнын сақтап қалды

Теннис • Бүгін, 08:58

Құрыш құйған қаланың мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Аспантаудағы ауқымды істер

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Асфендияровтың ұрпағы

Зерде • Бүгін, 08:43

Бір мақсат, бір мүдде

Қоғам • Бүгін, 08:40